Президент өрттен зардап шеккендермен кездесті – Қостанай облысы

Президент өрттен зардап шеккендермен кездесті – Қостанай облысы

Мемлекет басшысы Аманқарағай ауылының аумағын аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын, алдағы екі-екі жарым айда зардап шеккендерге жаңа үйлер салынатынын айтты. Сондай-ақ еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.