БҚО-да шала туған үшемнің жағдайы жақсы

БҚО-да шала туған үшемнің жағдайы жақсы

Батыс Қазакстан облысында екі ай бұрын шала туған үшемдердің жағдайы жақсы.

Сәбилер бүгін перинаталдық орталықтан үйге шықты. Дәрігерлердің айтуынша, 33 жастағы жүкті әйел айы-күні жетпей Чапаев ауылында босанып қалған. Мамандар оларды санавиация қызметімен дереу Оралға жеткізіп, үшемді жансақтау бөліміне жатқызған. Шақалақтардың орташа салмағы бір жарым келіге де жетпепті. Бір айдан кейін ғана сәбилер патологиясы бөліміне шығарылған. «Қазір алаңдауға негіз жоқ дейді» дәрігерлер. Ерлі-зайыптылар нәрестелерді Ерназ, Айназ, Алмаз деп атаған. Бұл отбасында енді 7 бала болды. Үшемдердің алдында егіз бар. Айта кетейік, биыл облыста 2 үшем дүниеге келген.

Шынар Сисенғалиева, үшемнің анасы:

- Балаларымның жағдайлары жақсы, шүкір. Үлкені 1 кг 390 гр болды. Содан кейінгісі 1 кг 310 гр, содан кейінгісі 830 грамм болып шықты. Жансақтау бөлімінде бір ай жатты. 12 жастағы қызым бар, 9 жастағы ұлым бар, сосын 5 жастағы егіздерім бар.

Гүлжанат Көбенқұлова, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері:

- Шала туу көбіне жүктілік кезінде дұрыс күтінбеуден, инфекция түсуден, экологиялық ахуалдан, т.б. факторлар әсер етеді. Осы факторлар әсер етіп, мамасы Ақжайық ауданында босанып, ауданнан санитарлық авиациямен жеткізілді. Перинаталды орталықтың патология бөлімшесінде балалар дәрігерлік ем алды. Салмақтарын қосқан. Жағдайлары жақсы деп есептеледі.