Қостанайға Нұр-Сұлтаннан гуманитарлық жүк тиелген тағы 8 көлік жөнелтілді

Қостанайға Нұр-Сұлтаннан гуманитарлық жүк тиелген тағы 8 көлік жөнелтілді

Қажетті гигиеналық заттар, ұн, қант, сусын аймаққа жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауызбіршіліктің арқасында 8 жүк көлігі лық толатын азық-түлік пен керек-жарақты жұрт бір-ақ күнде жинаған.  Мәслихат депутаттары, волонтерлар, белсенді жастар мен кәсіпкерлер де сырт қалған жоқ. Өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде штаб әлі жұмыс істеп жатыр.