Күзде Президент сайлауы өтеді. Бұл бастама туралы халық не ойлайды? Жолдауда елді елең еткізген тағы қандай мәселе бар? Елордалықтар не дейді? Арна тілшілері сұрап білген еді.
– Дамыған ел боламыз десек, үнемі алға қарай дами береміз десек, бізге жеті жылдық сайлау міндетті түрде қажет.
– Менің ойымша, бұл керек емес деп ойлаймын. Менің ойымша, 5 жыл.
– Әйелдердің жасын азайтқанына және балаларға 18 жасқа дейінгі көмегі сол екеуі көңілімнен шықты.
– Ұнады, балаларға 18 жасқа дейін беріледі дегені ұнады, қор ашылып, ақша төленеді дегені. 4 жылда бір сайланғаны дұрыс қой деймін. Өйткені Америка жақтардың бәрінде 4 жылда 1 сайланады ғой.
– Мүмкін керек. Қазіргі президентіміз айтып жатқан саяси пікірлері бізге керек. Жеке менің пікірім иә керек.
– Ол кісі жақында болды ғой, қайта түссе болады деп ойлаймын.
