Ақтөбе облысының экологиялық мәселелері бақылауға алынады

Ақтөбе облысының экологиялық мәселелері бақылауға алынады

Ақтөбе облысының экологиялық мәселелері бақылауға алынатын болады. Соның ішінде атмосфераның ластануы, қала аумағында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорынның ауа қабатына тарататын қалдығын азайтуға баса мән берілмек.

Ал Көкжиде кен орнындағы жерасты суын сақтап қалуға ерекше назар аударылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов өткізген брифингте  белгілі болды. Көкжиде елдің батысындағы қала тұрғындарын суыз сумен қамтуға қауқарлы. Бұған дейін тәулігіне 173 мың текше метр су беретіні анықталған. Мамандардың есебінше, оның қоры 27 жылға жетеді. Алайда ерекше аумақта бес бірдей компания кен өндіріп жатыр. 2015 жылы жүргізілген бірнеше зерттеу Көкжиде құмының мұнай өнімдерімен ластанғанын көрсеткен. Ал былтырғы тексеру барысында су құрамының аса бүлінбегені анықталған. Дегенмен, мамандар ауыз су орнында қауіптің барын жоққа шығармайды. Сондықтан да, ондағы түрлі кәсіпорындардың ұңғымаларын тоқтатуға күш салатын болады.

Зулфухар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы:

- Біз қазір жылдың аяғына дейін тағы да үш тексеріс жүргіземіз. Біз министерство энергетикаға мәлімет жібереміз тоқтатуға осындай ең қауіпті жаңағы скважиналарды. Және министерство энергетика жылдың аяғына дейін шешім қабылдайды.