Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің инспекторлары өртті қолмен сөндіреді

Елімізде орманды қадағалайтын мемлекеттік инспекторлардың саны аз. Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің инспекторлары мен орманшылары тура мағынада айтсақ өртті қолмен сөндіреді. Себебі жаяу адам ғана жүретін соқпақпен тау беткейіне техниканы шығару мүмкін емес. Сондықтан олар орманды аралағанда   күрек, орақ сияқты құрал-саймандарды ала шығады. Оған қоса су құйылған ыдыстар мен тамақ салынған  сөмкелерді де арқалап жүреді.

Соңғы күндері  ұлттық табиғи парктің инспекторлары мен орманшылары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр.12 сағат осында.  Себебі өрт қаупі жоғары.  

Қалихан Чайков, "Іле Алатауы" МҰТП Үлкен Алматы  орманшылығының инспекторы:

- 20 литрлік ранцы беріледі. Суымызды ала жүреміз.  2738 Үлкен өртті сөндіру қиын ғой таулы аймақта қолмен істеледі жұмыстың бәрі. Бірінші өрттің айналасын қазып отырып белден төменге шейін қазамыз. Содан кейін өрттің шоғын түсіріп отты көміп ол күні бітпей қалса түнгі күзет қалдырып жұмыстың бәрі қолмен істеледі.

Қалихан Чайковтың қарамағында 550 гектар жер бар. Өзінің айтуынша, ең күрделі аймағы осы. Демалушылар өте көп келеді. Кейде тұрғындар өшірмей тастап кеткен қазан-ошақ орнының 40-50-ін сөндіреді. Ондағы соқпақ жолдың жиегінің шөбін шабу да оңай шаруа емес. 

Қалихан Чайков, "Іле Алатауы" МҰТП Үлкен Алматы  орманшылығының инспекторы:

- Биыл маусым айларында жауынның көп болуына байланысты орылған шөп қайта шыққаннан кейін екінші мәрте қайта шабуға тура келді. Өйткені шөп көп болса өрттің алдын алу шаралары ғой трапаны екі жағынан 3 метрден екі жағын тазалап шығады.

«Іле Алатауы»  ұлттық табиғи паркінің жер көлемі өте үлкен. Оған 4 филиал мен бір табиғи қорық қарайды. Ерекше қорғалатын аймаққа от жаққан жағдайда 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 306 мың теңгеден аса айыппұл салынады. 

Райхан Мұметжанова, "Іле Алатауы" МҰТП бөлім басшысы: 

- Биылғы жылдағы жыл басынан бастап бізде 4 өрт оқиғасын бұзған азаматқа әкімшілік кодекстің 337-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Оған жалпы салынған айыппұлдың көлем 1 млн 225мың теңгені құрады.

Мамандардың айтуынша, орманды қадағалайтын мемлекеттік инспекторлардың саны аз. Біреуіне 1600 гектар жерден келеді. Аралап үлгермей жатады. Табиғатты қорғау қызметкерлері туристерді мүмкіндігінше қарапайым сақтық шараларын сақтауға шақырады. От жақпауға, темекі тұқылдарын тастамауды сұрайды.

Қарлығаш Қайыпбекова, Нұрдәулет Жақсыбаев