Аймақтарға 330 мың тонна көмір жөнелтілді

Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 330 мың тонна көмір жөнелтілді.

Жылу беру маусымы өзге облыстарға қарағанда ерте басталатын солтүстік аймақтарға басымдық берілуде. Қазір сауда қоймаларында 352 мың тоннаға жуық көмір қалып отыр, жақын арада қосымша вагондар келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтарды дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету үшін жергілікті билік өкілдерінен күнделікті есеп алып отыр. Аймақтарға көмір жеткізу бойынша осы айға межеленген жоспар толық жүзеге асырылады, - деді министрлік өкілдері.