Елімізде битум өндіру көлемі артады

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Ведмство басшысының айтуынша, Қазақстандағы битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Ол үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қосымша жүктеме арқылы жандандыру қажет.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі: 

- Жол-құрылыс компаниялары қыс және көкте мезгілінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірыңғай сатып алушысы арқылы қосымша битум көлемдерін сатып алуды жоспарлауы қажет. Сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарының құны битум бағасының бағамына сай болуы тиіс.