«Даму» қоры Ашық есік күнін өткізді

Қаржы институтының мақсаты – Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесу. Яғни сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды, несиеге кепілдік жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жеңіл несие береді. Мысалы, банктен 19,5% несие алсаңыз 13% Даму субсидиялайды. Қалған 6% кәсіпкер төлейді.

Дәурен Раманқұлов, кәсіпкер:

- Екі рет инновациялық грант алдық. Және бір рет кредит алдық жеңіл пайызбен. 6 пайыз жеңіл. Қарызын қайтару да кәсіпорынға қатты ауыр тигізбейді. 

2011 жылы шағын және орта бизнестің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 17% болса қазіргі таңда 33% дейін жеткен. Бұған Даму қорының тигізген көмегіде көп. Енді Президент тапсырмасына сәйкес Даму моноқалаларға да ден қойып отыр.

Фархат Сәрсекеев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры төрайымының орынбасары:

- Моно, шағын қалалар бар бізде мемлекетімізде. Теміртау, Жаңаөзен, Арқалық сияқты. Сол жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосамыз деген мақсат бар. Микронесиелеу деген бағытымыз бар. 20 млн теңгеге дейін.

Бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде тек республикалық бюджеттің қаржысы жұмсалмайды. Қаржы агенті Азия даму банкі, Европалық қайта құру және даму банкі секілді халықаралық институттарменде жұмыс істейді. 25 жылдың ішінде "Даму" қоры Қазақстанға бір миллиард долларға жуық инвестиция тартып, кәсіпкерлікті өркендетуге жұмсаған.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов