Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті тергеу барысында заңсыз ақша табудың жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы әр салымшыдан 3 мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейін қаражат алып отырған. Жобаға қатысушыларға 10 тәулік ішінде салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.