Әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылады

Әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылады

Келер жылы астана әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған мемлекеттік субсидия және жеке инвестициялар есебінен 26 млрд теңге бөлу көзделген. Бұл қаржыға перронды жөндеу жұмыстары да кіреді. Елорданың басты әуе қақпасының ұшу-қону жолағы 18 жыл күрделі жөндеу көрмеген. Әуежай басшылығының айтуынша, алдағы 5 жылда жолаушылар және жүк тасымалының ағынын 4 есеге арттырып, екінші ұшу-қону жолағын салу да жоспарға енген.

Ерғазы Жолдасов, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Ол қаражат мына ұшып-қону алаңымыздың толық жөндеуден өтуі және де оның жаңа оборудование алуға арналған. Және де перрондағы жұмыстар бар. Ұшақтардың тұрақтарын үлкейтуге, видеокамералардың бәрін қайтадан ауыстыруға арналған. Скл07-42 Менің ойымша, әуежайды 15-25 күнге дейін жабуға тура келеді. 08-01сек. Кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейін ұшақтарды қабылдап, күндіз жұмыс жасалады деп жоспарлап отырмыз. Және де жақын шамадағы әуежайлар іске қосылуы мүмкін, Көкшетау болсын, Қарағанды болсын.

Айта кетейік, астаналық әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазалайтын 5 техника сатып алынды. Заманауи көліктер қар тазалауға жұмсалатын уақытты екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, бұл – қыс маусымындағы кез-келген күн райында үздіксіз қызмет көрсету үшін аса қажет.