«Auyl make» жобасы басталды

«Auyl make» жобасы басталды

Ауылдағы жастардың интернетке қолы жете бермейді. Осы себепті бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік  бағдарламалардан хабарсыз қалып жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ауыл» партиясы аталған олқылықтың орнын толтырмақ. Ол үшін «Auyl make» жобасы қолға алынды. Оның аясында Мемлекет басшысының 100 мыңнан астам  жас кәсіпкерге  2,5 % -бен несие беру бастамасы егжей-тегжейлі түсіндірілмек. Іс -шараға 18-29 жас аралығындағы кез-келген қала емес, тек ауыл тұрғыны қатыса алады.

Дәурен Рахымбек,  «Ауыл» партиясы жастар қанаты төрағасының орынбасары: 

- Бірінші біз мектептегі мұғалімдерді оқытамыз. Бір мұғалімкемінде 25-оқушыны қамтиды. Олар біздің метод бойынша соларды оқытады. Сосын жастар жобаларын жазады. Біз сол мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға жобаларын өткізуге көмектесеміз.