Оралда тұрғындар екі аптадан бері ыстық сусыз отыр

Оралда тұрғындар екі аптадан бері ыстық сусыз отыр

Коммуналдық кәсіпорын айдың басында жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уақытша келеңсіздік туындайтынын да ескертті. Бұл жұмыстар 16 қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс еді. Алайда межелі уақытта ыстық су берілген жоқ. «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінің өкілдері аяқ асты техникалық ақау болғанын айтады. Олар істен шыққан құрылғыларды қайта жөндеп, қалыпты жұмыс режиміне көшуді жоспарлап отыр. Ал жылу-электр орталығының газға қарызы болуы себепті су бере алмай жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бекболат Камешов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының орынбасары:

- Демалыс күндері жұмысшылар шығып істеп, бүгінгі таңнан бастап жылу электр орталығын қосып, қалаға ыссы су бердік. Газ бойынша бережағымыз бүгінгі күні 178 млн теңге. Ол мына июнь, июль айларына, текущий долг дейміз, солар. Үлкен бережақтарымыз жоқ.