Дәурен Абаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен сырбойылықтар алдында есеп беріп, алдағы жоба-жоспарды талқылауға келген Дәурен Абаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге мұз айдынына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын меңгеріп жүрген өрендердің аяқ алысын байқап, олардың түрлі жарыстардан шет қалмауына баса мән беру керектігін айтты. Сондай-ақ көркем гимнастикамен шұғылданышулардың өнерін тамашалады. Одан әрі «Тарлан» спорт кешенінде параолимпиадашылармен кездесті. Олардың талап-тілгені тыңдады. аршы алаң мен боз кілемде тер төгіп жүрген жекпе-жек шеберлерінің де дайындығын бағамдады. Ведомство басшысы тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлермен де танысып, жалпы археологиялық жобаларға шолу жасады. Сығанақ, Жанкент, Сауран секілді көне шаһарларға келу жолын жақсартып, Сырдағы туризмді дамыту тетіктерін талқылады. Жалпы осы инфрақұрылымдық мәселелерді әкімдік пен министрлік бірлесе шешуге уағдаласты.  

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Спорт нысандары болсын, мәдениет саласына қатысты нысандар болсын, бірге ұйымдастыратын шаралар болсын. Темірбек Жүргенов мерейтойы туралы көп айтылды. Соны бірлесе отырып, жүзеге асырамыз. Біз оған дайынбыз.

Биылдан бастап мәдениет, архив ісі ұйымдарының барлық санаты қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20%-ке артып отырады. Ал «Ұлттық» статусына ие мәдени құрылым мамандарының еңбекақысы 75%-ке өседі. Одан бөлек мемлекеттік стипендия 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Көркем шығарма жазып, өзекті тақырыптарға қалам тербеп жүрген жастарға 5 миллион теңгелік сыйлық тағайындалады. Сондай-ақ жас жазушының оқырман көңілінен шыққан кітабының 3 мың тиражы тегін басылады.         

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Орта буын қаламгерлерге арналған «Айбоз» сыйлығын ұсынып жатырмыз. 7 номинация бойынша: үздік проза, үздік поэзия, үздік драматургия секілді. Одан басқа бұрыннан келе жатқан мемлекеттік сыйлық бар Абай атындағы. Соның арқасында біз әдебиетке мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлгеніміздің белгісі де айтуға болады.

Тұрғындармен кездесуде сондай-ақ 500 мың бала қамтылған «Артспорт» бағдарламасының жай-жапсары да сөз болды.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов