Жыл басынан бері мүгедектігі бар 260 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметке жүгінген

Жыл басынан бері мүгедектігі бар 260 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметке жүгінген

230 мың азамат әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтуға арналған техникалық құралдарына қол жеткізді.

Атап айтқанда 26 мыңнан астамы жеке көмекшінің, тағы 7 мыңға жуығы – ымдау тілінің қызметіне жүгінді. Мүгедектігі бар азаматтар порталдың көмегімен оңалту қызметінің түрін өз бетінше таңдай алады. Ол үшін тек электронды қолтаңба керек. Бүгінде платформада 800-ден аса медициналық-әлеуметтік мекеме, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 640 ымдау тілін қызметін ұсынушы және өзге де қызмет көрсетуші ұйымдар тіркелген.