БҚО-да шекарадағы қазіргі ахуал қандай

Елдің батыс қақпасында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Геосаяси жағдайға байланысты Ресейден Қазақстанға бет алған жолаушылардың саны көбейді. Шекара бекетіне барған тілшіміз Еркебұлан Смадияров телефон арқылы дәл қазір тікелей байланысқа шығуға әзір. Еркебұлан, кеш жарық! Шекарадағы ахуал қалай?

- Кеш жарық, әріптестер! БҚО Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Өңір аумағында 6 шекара бекеті бар. Соның ішінде көлік ағыны жағынан ең үлкені «Сырым» өткізу бекеті. Біз жаңа ғана сол жерге барып, жағдайды көріп қайттық. Ол жерде байланыс желісі нашар ұстайтынын айта кеткен жөн. Шекараның арғы бетінде ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болғанын өз көзімізбен көрдік. Жолаушылар 12 сағаттай кезекте тұрғандарын айтады. Ал шекараның бергі бетінде жағдай қалыпты. Елге келіп жатқан ресейліктер бұл сапарын геосаяси жағдаймен байланыстырмайды. Бәрі де еңбек демалысын өткізуге немесе туысқандарына қонаққа келгендерін алға тартып отыр.  Шекарадан күніне қанша адам өтіп жатыр және қай елдің азаматтары екеніне қатысты ҰҚК мен шекара қызметі ресми мәлімдеме жасамады. Жағдайды бақылауда ұстаймыз.

Әлеуметтік желіде шекарадан жаяу өтіп жатқан рас?

- Иә, жолаушылардың суреттері пайда болды. Бұл ақпарат қаншалықты шекараның арғы бетіндегі көліктердің біразы жолаушыларды шекараға дейін жеткізіп тастап жатыр. Шетел азаматтары бері өткен соң, такси қызметіне жүгінуге мәжбүр. Шекара бекеті маңында такси көліктері күрт көбейіп кеткен. Олар кеше түннен бастап жолаушыларды жаппай тасып жатыр. Шекара мен Орал қаласының арасы нәбі 60 шақырым шамасында. Жүргізушілер осы аралыққа жолаушылардан жолақыны кемінде 10 мың теңгеден алып жатыр.