Қарағанды облысында жылу жүйесі жөнделеді

Соңғы 2 жылда дәл осы учаскеде 60- қа жуық авария болып, салдарынан тұрғындар жылу беруде бірқтар қиындықтар көрген. Ол трубалар міне, кейбірі тіпті едәуір жұқарып кеткені байқалады. Ал, жаңадан салынып жатқан мына трубалар Қазақстанда шығарылған. Оған өнім шығарушы 25-жылға дейін кепілдеме беретін көрінеді.

- Әлі жөнге келетін түрі жоқ. Суық болса келіп қалды. Бұл қараша айына дейін үлгерсе де шүкір. Желтоқсанға қалып қоймай.

- Күнде қарап қоямыз былай-былай өткен кезде. Ойбай мынау біте ме, жоқ па деп, әрине алаңдаушылық бар қыс келе жатқаннан кейін.

Халықтың алаңдайтын жөні бар. Себебі жылу жүйелерінің тозығы 80 процентке жеткен. Бұл қыста қит етсе апат болып, жылуды уақытша тоқтатуға әкеп соғатын. Дәл осы жылу магистралінің жартысы осыдан 10 жыл бұрын алмастырылса, қалған жартысы 80-ші жылдардан бері тұр.

Мердігер бұдан өзге тағы екі компаниядан құбыр сатып алады. Оның бірі Ресейлік. Осыған дейін жұмысты тежегенде сол. Себебі логистика бойынша проблемалар болған. қазір өнімнің барлығы үздіксіз жеткізіліп жатыр. ал жұмыс күндіз-түні жалғасатын болыпты.

Ринат Қыдырбеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Алаңдаушылық мәселелері болды. Бүгінгі күні 6 шақырымының 3,950 шақырымы толық ауыстырылды. 2-3 күннің ішінде ғана міне 350 метр труба алдық, тағы 200 метрі жолда келе жатыр. Осы айдың соңына дейін мердігердің сөзінше барлық жұмыс аяқталатын болады, жылу беру үшін.

Рустам Аминов, мердігер компания өкілі:

- Бұл негізі екі жылдық жоба. Бірақ біз биылдан қалмай 5 шақырымнан астам  құбырдың барлығын жаңадан салуды көздеп отырмыз. Нәтижесінде осы учаскелерде қыста апаттық жағдай туындамайды. Жылу маусымы басталғанша үлгереміз деп отырмыз. Келер жылы абаттандыру жұмыстарымен автомобиль жолдары астындағы 900 метр құбырды ауыстырамыз.

Осылайша жауаптылар алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Қалаға жылу қазан айының ортасында беріле бастайды. Атап өткен жөн, Теміртау қаласының жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 417 шақырымды құрайды. Ал, жаңартылып жатқан 6 шақырым құбырға бюджеттің 4 млрд.теңгесі бөлінген.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков.