ТМД мемлекеттері арасындағы екінші спорт ойындары Беларусьте өтеді

ТМД мемлекеттері арасындағы екінші спорт ойындары Беларусьте өтеді

Атқарушы комитет тиісті шешім қабылдады. Қазақстандық спортшылардың жарысқа қатысу ықтималдығы жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ташкентте өткен ведомство басшыларының отырысында ТМД кеңістігінде қолға алынатын тың бастамалар талқыланды. Беларусь келер жылы спорт ойындарын қабылдауды жөн деп тапса, Ресей одан өзге де байрақты бәсекелерді ұйымдастыруға ниетті. Жарысқа ТМД-ға мүше емес елдерден де спортшы шақыру көзделіп отыр. Қазақстаннан бөлек, тағы 8 мемлекеттің оғландары қатысады. Былтыр өткен алғашқы ТМД ойындарында еліміз командалық есепті 3-ші орынға тұрақтаған еді.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Ол спорттық шаралар олимпиадалық және олимпиадалық емес бағытта болады. Және Беларусьтің бір ғана қаласында емес, басқа да қалаларын қамтимыз деді. Бұл енді бір жағынан туризмді дамыту және елдер арасындағы қатынасты нығайту болып саналады.