Абай облысында көлік жүргізушілеріне жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріліп жатыр

Абай облысында көлік жүргізушілеріне жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріліп жатыр

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бүгінге дейін 100-ден астам азамат жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, жаңадан құрылған облыс тұрғындарына көліктің бұрынғы нөмірін ауыстыру міндетті емес. Яғни, бұл әр адамның өз еркімен жасалатын шаруа. Айта кетсек, жаңа үлгідегі автонөмірді алу үшін 13 мың 200 теңге төлеу керек.

Темірлан Қамалхан, Семей қалалық МХҚКО басшысының орынбасары:

- Осы күнге дейін, Абай облысы бойынша 100 ден астам қызмет алушылар 18 аймақ нөмерлерін алуда.  Ақылы нөмірлерге қызмет  алушылар арасында сұраныстар өте көп. Бұған дейін ішкі істер министрлігі өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізуіне байланысты жаңа өңірдің тұрғындарына көлік нөмірін ауыстыруға қажетілік жоқ екенін хабарлайтын боламыз.