Диқандар астық алқаптарының 86% жинады

Диқандар астық алқаптарының 86% жинап үлгерді, қазір аймақтарда егін жинау науқаны қызған, деп хабарлайды «Хабар 24».

13,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл қамбаға құйылды. Шаруалар әр гектардан 12,5 центнер өнім алып, 17,3 млн тонна астық бастырды. 363 мың тонна майлы дақыл, 3,6 млн тонна көкөніс пен 2,1 млн тонна картоп жиналды.

Ал шаруалардың күзгі жиын-терімін сақтау үшін сыйымдылығы 12,8 млн тонналық 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 16,6 млн тонна астыққа есептелген қоймалары бар.