Қарағанды облысында барымташылармен күрес күшейді

Қарағанды облысында мал ұрлығы көбейген. Осыған орай, республикалық маңыздағы және облыстық тас жолдардың бойына 18 жыл-жымалы блок бекет қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда кри-миналдық полиция мен учаскелік инспекторлар, тәулік бойы күзетте тұрады.  Өткен-кеткен көлікті жаппай тоқтатып, жүк салғышын қарап, құжаттарын тексереді. Заң бұЗғандар жазаланады. Мысалы өткен аптада, 6 бас жылқыны, жаЙылымнан ұрлап бара жатқан қылмыс-керлер ұсталып, қамауға алынды. Ал жыл басынан бері, өңірде мал ұрлығына қатысты 47 дерек тіркелген. Соның 22-сі, тәртіп сақшыларының, қыра-ғылығы арқасында ашылды. Тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысып келген 2 бірдей қылмыстық топ ұсталды. Қазір барым-ташылардың 14 қылмысқа қатысы бары анықталып, іс сотқа жіберілген.

Әбіл Әбілдин, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары:

- Ол бекеттердің ең басты мақсаты - ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеру, құжаттардың талапқа сай болуын қадағалау. Өздеріңіз білесіздер осы дәстүрлі соғым және күздік кезеңі жақындап келе жатыр. Осы кезде жайылымнан малдың ұрлығы көп кездесетін болады.