Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс оқ-дәрінің тұтануынан болған

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Хабарламаға сай, дүкеннің басшысы оқыс оқиғаға дейін Қарағанды облысынан 40 килограмм оқ-дәрі сатып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, оның оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болған. Бірақ бұл оқ-дәрі Қостанайда 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып жеткізілген. Кейін жарылыс болған дүкеннің жертөлесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар «жарылыстың себебі сол оқ-дәрінің тұтануынан болды» деген қорытындыға келді. 

Еске салайық, 3 қыркүйекте Қостанай қаласындағы «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс болып, өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді.