Қазнетке шабуылды шетелдік хакерлер жасаған – Мусин

Осыдан бірер күн бұрын қазақстандық интернетке жасалған шабуылдар -  шетелдіктердің әрекеті. Бүгін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, егер шабуыл іштен жасалса, оны тез арада анықтау мүмкін болар еді. Бірақ қазірдің өзінде шабуыл жасаған хакерлердің кім екені белгісіз.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің 27-28 күндері осындай әрекет салдарынан интернет байланысы едәуір нашарлаған болатын.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Біз Цифрлық даму министрлігі ретінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізіп жатырмыз. Қазақстандық сайттарда тіркелген DDoS шабуылдарды шетелдіктер жасағаны белгілі болды. Оның себеп-салдарын Мемлекеттік техникалық қызмет анықтап жатыр. Олар осы шабуылдарға төтеп беріп, біздің цифрлық кеңістікті қорғайды.

Сондай-ақ...