Президент сайлауы: ардагерлер ұйымының қолдауы маңызды

Ардагерлер ұйымы да ел президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық бірлестіктің кезектен тыс оныншы съезінде осындай шешім қабылданды. Ұйымның орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ел мүддесі үшін керек кезде батыл шешім қабылдайтын тұлға қажеттігін атап өтті. Сөйтіп қазіргі Мемлекет басшысына сенім білдірді.