Ұлытау облысында оңалтудың жеке бағдарламалары 84,9%-ке орындалды

Ұлытау облысында оңалтудың жеке бағдарламалары 84,9%-ке орындалды

Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Жалпы, жыл басынан бері портал арқылы он мыңға жуық адам оңалту құралдарын алса, 53 мүмкіндігі шектеулі жанға логопед кәсіби көмек көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш жүзден астам адамға жеке әлеуметтік көмекші берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өңірге жұмыс сапары кезінде айтты. Тамара Дүйсенова үкіметтік емес ұйым өкілдері, көпбалалы аналар және мүгедектермен кездесті. Министр Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың  іске асырылу барысын баяндап,  әлеуметтік-еңбек саласын жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы айтты. Халықтың сұрағына жауап берді.  Ертеңгі сапар Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында жалғасады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бала дүниеге келгеннен бастап, міне қараңыздар, туылғаны. Күтімі, отбасы, жұмысы , оқыту, сырқаты, қарттық, жалпы адамның дүниеге келгенінен өмір бойы әлеуметтік сала, әр жағдайға байланысты өзінің әлеуметтік көмегін алады. Қаражатын, қызметін беріп отырады.