Ақтөбеде тұрмыстық қалдықтар төгетін полигонға қосымша алаң бөлінді

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықтарды төгентін полигонға қосымша алаң бөлінді.  

Бұл біраз  жылдан бергі экологиялық мәселені шешуге ықпал етеді-дейді мамандар. Себебі облыс орталығындағы қоқыс полигоны жиі өртеніп, қаланы қою түтін басып қалатын. Жергілікті билік аумағы 18 гектардан астам жер әзірлеп жаңа орындар дайындады. Ал әбден толған ескі бөлігін көміп тастайды. Бұдан бөлек тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын ашу жоспарланған. Қазір шетелдік инвесторлармен келіссіздер жүріп жатыр. 

Асхат Шахаров, қала әкімі:

- Қазір келіссіздер белсенді жүріп жатыр. Шешімі жақын уақытта белгілі болады деп ойлаймын. Қаржыландыру мәселесі талқылануда. Яғни бірлескен кәсіпорын ашуды көздейміз. Газ бен ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш өндіретін зауыт табысты болады. Өңірдің сұранысы да есептелуде.