696 кәсіпорында он сегіз мыңға жуық адамның еңбекақысын уақытылы алмағаны анықталды

Елде 16 мың жұмыскердің құқығы қорғалды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 696 кәсіпорында 18 мыңға жуық адамның тиісті еңбекақысын уақытылы алмағанын анықтаған. Жалпы қарыз мөлшері 3 млрд 983 млн теңгеге жуықтайды. Министрлік өкілдері кәсіпорындардың басшыларына 639 нұсқама беріп, 115,3 млн теңгеден асатын айыппұл салған. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жұмыскерлерге 3 млрд 742 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі қайтарылды.