Талдықорғанда «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті

Талдықорғанда «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті

Облыс әкімдерінің әрбір жарты жыл сайын халықпен жүздесуі, бұқара мен  билік арасын жақындастыра түсті.

Талдықорғанда өткен «Сарап» эксперттік клубының аймақтық отырысына қатысқандар осылай деді. «Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» деп аталған жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Оған саясаттанушылар, зиялы қауым және қоғамдық ұйым өкілдері мен ғалымдар қатысты. Басқосуда Президент жолдауы талқыланып, саяси реформалар жайы сөз болды. 

Серікқазы Кәкібаланов,  қоғамдық даму институтының сарапшысы:

- Ішкі әлеуметтік саяси мәселе бар бірақ біз сыртқы факторларды ескере отырып осы өзіміздің позициямызды айқындап алуымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде Президент сайлауы бұл өте дұрыс қолға алынып отырған іс-шара.