Ақтөбе облысында бір ғасырлық диірмен қорғауға алынады

Ақтөбе облысында бір ғасыр бұрын салынған жел диірменін жөндейтін уақыт болды. 

Мемлекет қорғауына алынған нысан біраз жыл бойы күтімсіз қалған. Соңғы рет қашан жөндеу жүргізілгенін ешкім білмейді. Диірмен 1909 жылдан бастап, өткен ғасырдың орта шеніне дейін жұмыс істеген. Кейбір деректерде қазақ еліне қоныс аударған украин көпестерінің тұрғызғаны жазылған. Диірмен тың игеру науқаны кезінде үздіксіз жұмыс жасапты. Диірмен тарихын сол маңдағы Есет батыр ауылының байырғы тұрғындары жақсы біледі. Бірақ, тоқтаған соң ұзақ жыл қараусыз қалған. Биыл ғана Алға ауданының бюджетінен 3 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, айналасы абаттандырылды. Енді таяу күндері жарық шамдары орнатылмақ. Тарихи нысанды қайта қалпына келтіру үшін мамандар облыс әкімдігі жанындағы тиісті комиссияға ұсыныс түсірмек ойда. Сөйтіп, салынғанына 113 жыл болған жел диірменін сақтап қалуды жоспарлап отыр.

Жандарбек Бақытжанұлы, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі:

- Осыған дейін ешқандайда қоршау болған жоқ. Жалпы енді ауылдың жеке малдары өтеді, балалар ойнайды. Осы сақтық шараны алдын алу мақсатында құжаттарын рәсімдеп, осыған қаражат бөлінгеннің есебінен біз осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Фархад Досмұратов, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау орталығының директоры:

- Бұл жел диірмен алғаш рет  2010 жылы қорғауға алынды. Енді алдағы уақытта ұсынатын үш ескерткіштің қатарында тұр реставрация жасау үшін. Жалпы реставрация дегенді нағыз маман өзі айналысуы керек.