Заңды өрескел бұзған тоғыз судья қызметінен босатылды

Биыл елімізде 47 судья жауапкершілікке тартылып, 9 судья қызметінен босатылды.

Бұл жөнінде Жоғары сот кеңесінің мүшелері мәлімдеді. Судьялардың айтуынша олар заң талаптарын біле тұра істі қарау кезінде заңды өрескел бұзған. Тіпті заңды дұрыс білмеу деректері де  тіркелген. Сот жюриі соңғы үш жылда мұндай жағдайға қатысты 349 тәртіптік істі қарап, 244 судьяға тәртіптік жаза қолданылған. Көбі аудандық соттардың судьяларына қатысты көрінеді.  Олардың дені сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судья этикасын бұзған. Осындай кемшіліктерге жол бермес үшін енді судьялар 4 кезеңнен тұратын біліктілік емтиханын тапсырады. Бұл жүйе компьютер арқылы автоматты түрде жүзеге асыралады.

Нұрия Сисенова, ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі:

- Эссе жазу және кейс тапсырмаларын шешу кезінде кандидаттардың тегі көрсетілмей автоматты түрде шифрланады. Тексерушілер кімнің жұмысын бағалап отырғанын білмейді. Бүгінгі таңда біліктілік емтиханы судьялар корпусына дайын емес үміткерлерді жібермейтін тиімді сүзгі болып отыр. Мәселен,  биыл 363 үміткердің тек 26-сы (7%) барлық кезеңдерді ойдағыдай тапсырды. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 40% құраған болатын.