Қазақстанда биыл мыңға жуық көлік ұрланған

Жыл басынан елімізде мыңға жуық көлік ұрланған. Оның ішінде 800-ге жуығы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Өзгенің көлігін қолды қылумен айналысып келген 19 қылмыстық топ ұсталды.

Қазір олардың алыс-жақын шет елдерде сыбайластырының бар-жоғы анықталып жатыр. Елге көліктер көбіне Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Құдияр Нұрсейітов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

- Еш уақытта автокөлікті есігі ашық және кілтімен қалдырмаңыз. Көлікті түнде тұраққа қойғанда гаражды немесе күзетілетін тұрақты пайдаланыңыз. Қылмыскер сіздің көлігіңізді тез иемденбеуі үшін тиісті шаралар қабылдаңыз. Оны электронды және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылармен және GPS-маяктары бар ұрлыққа қарсы кешендермен жабдықтаңыз.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ұрланған 50-ден астам темір тұлпар ТМД аумағынан табылып, біздің елде жүрген 200-ге жуық автокөлік иелеріне қайтарылды.