Оралда жүрекке жасалған күрделі операция сәтті өтті

Оралда науқастың көкірек қуысында тілік жасамай жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру операциясы сəтті өтті.

Жергілікті дәрігерлердің тың əдісті меңгеруіне Ұлыбритания, Германия жəне Жаңа зеландиялық əріптестері жəрдемдесті. TAVI деп аталатын тəсілдің бірнеше пайдасы бар. Біріншіден, хирургиялық əрекеттер барынша азаяды. Жүрекке жіберілетін қақ-пақ-шаның протезі жамбас артериясына жасалатын кішкене ғана тілік арқылы енгізіледі. Тың əдіс науқастардың операциядан кейін тезірек жазылуына мүмкіндік береді  -дейді дәрігерлер.

Ақтілек Өмірбаев, облыстық кардиология орталығының директоры:

– Біріншіден, операция кезінде науқасты ұйықтату қажет емес. Екіншіден, кеуде тұсына тілік жасалмайды. Операцияның уақыты да қысқарады. Қанды жасанды айналдыру аппараты да керек болмайды. Келер жылы осы əдіспен тағы 10 шақты операция жасау жоспарда бар.