Жамбыл облысында жол күтіміне жауаптыларға айыппұл салынды

Жамбыл облысында жол күтіміне жауаптыларға айыппұл салынды

Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына салғырт қараған 250 лауазымды тұлғаға 4 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл биылғы 9 айда жүргізілген тексерістің нәтижесі. Жол-техникалық инспекция қызметкерлері 13 мың шақырымнан асатын автожолды тексеріп,  12 мыңға жуық ақау анықтаған. Коммисия кемшіліктерді жою үшін жол ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарға 1 мың 800-ге жуық нұсқама жолдаған. Дегенмен талапқа құлақ аспағандар да бар. Шу, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдіктерінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Тараз қаласының жолға жауапты бөлімнің жұмысынан біраз олқылық анықталды. 

Еркеғали Қалман, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы:

- Қыстан шыққаннан кейінгі шұңқырлықтар. Одан кейін жол белгілері. Жол белгілері майысқан құлаған жол белгілері болады. Оған қосымша жол таңбалары разметка. Жасанды бұдырлықтар, соларды қайтадан қалпына келтіру қажет. Нұсқамалар орындалмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 468 бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс құжат сотқа жолданады.