Алматыда «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті

Алматыда студенттер арасында бірінші республикалық шешендік өнер сайысы өтті. «Ділмар» байқауына елдің 5 өңірінен 10 университеттің студенттері қатысып, сөз саптау шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға жолдама алған жастар 10 жұпқа бөлініп, екі кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Жеребе арқылы тақырып таңдап, ой ұшқырлығын көрсетті. Би-шешендердің сөздерін жатқа айтты. Үздіктерді анықтауда дауыс мәнері мен тіл тазалығы да ескерілген. 

Рақымғали Құл-Мұхаммед, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Негізгі мақсат – тілімізге, ана тілімізге деген құрмет. Ата бабамыз екі ауыз сөзбен ердің құнын төлетіп, бір ауыз сөзбен жаудың бетін қайтарған халық қой. Сондықтан осыны жастар білсе, көп ізденсе, өзінің білімін оқығандығын көрсетсе. Біріншіден, ол қаржылай ынталандыру болса, екінші жағынан, біздің бір сөзбен айтқанда ана тіліміздің дамуына үлес қосады деп ойлаймын.