Ақмола облысындағы біраз нысан сапасыз салынған

Мұны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары анықтады. Биыл 40-тан астам кезектен тыс тексеріс жүргізліпіп, көптеген кемшілік шықты.

50 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал сапасыз ғимараттардың арасында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлер мен білім ошақтары да бар. Көкшетаудағы Оқушылар сарайының шатыры, бассейні мен желдеткіш жүйесі дұрыс салынбаған. Бұл мердігер 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді. Жалпы биылдыққа 65 хаттама толтырылып, 30 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Арман Ризанов, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Дәл осындай олқылықтар Атбасар ауданында салынған 6 әлеуметтік нысанда да анықталды. Оларға кемшіліктерді жою туралы ескерту жасалды. Ескертуге құлақ аспаған мердігерлерге алдымен айыппұл салынады. Ал егер одан кейін де мәселе реттелмесе, құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылады.