Теңізге лас су төккен «Қазатомөнеркәсіп» және тағы бір компания жазаланады

Каспийге лас су төккен 2 коммуналдық компания мен спорт кешеніне әкімшілік шара қолданылады. 

Екі тәулік бұрын «Солдат» жағажайында канал арқылы теңізге қоңыр-қызыл түсті сұйықтық ағып жатқанын тұрғындар байқаған. Уәкілетті орган қызметкерлері жедел барып, су каналынан және жағалаудан сынамалар алады. Нәтижесінде құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар көп мөлшерде анықталды. 

Гүлім Ұлықпанова, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Аталған каналға «Маэк-Қазатомпром», «Каспий су тұшыту» серіктестіктері және «Орбита» спорт кешені төгу жұмыстарын жүргізеді. Төгінді орындарынан және судан сынама алынды. Мыстың, фосфаттың және темірдің шамадан тыс арту фактілері тіркеліп отыр. Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасына хат жолданды. Әкімшілік шара қабылданатын болады.