Бүгін – елімізде Нан күні

Биыл мерекелік датаға диқандар жоғары көрсеткішпен жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, нан өнімдерінің көлемі болжамды межеден асып түскен. Өткен жылы 19,5 млн тонна астық алу жоспарланса, қазірдің өзінде бастырылған өнім көлемі 21 млн тоннадан асты. Сонымен қатар 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды. Осылайша, қазақстандық фермерлер астықпен отандық нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік алды. Еске салайық, нан күні Қазақстанда 2019 жылдан бастап тойланады. Жалпы мерекелік дата өнімнің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар, барлық мамандардың мәртебесін көтеруге арналған.