Интернетте этносаралық өштесуді еңсеруге арналған нұсқаулық шықты

Казнэт Итикет /QazNetEtiquette/. Дәл осындай атаумен әдеп кодексі мен әдістемелік нұсқаулық жарыққа шықты.

Ерекше жинақ халықаралық және қазақстандық құқық қағидаттарына негізделген. Нұсқаулық әлеуметтік желілерде, этнос-аралық өшпенділікті еңсеруге, септігін тигізбек. Яғни этникалық топтарға қарата айтылған, жағымсыз, жаЛпылама пікірлерді жоюға бағытталған. Әдістемелік нұсқаулықты, отандық және шетелдік сарапшылар бірлесіп әзірледі.

Ғалым Шойкин, Этносаралық қатынастар комитетінің төрағасы:

- Бұл мемлекет тарапынан емес, қоғам тарапынан шығарылған құжат. Осы құжатты қоғамдық ұйымдар бірлесіп, халықаралық және еліміздің тәжірибесін әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы дайындады. Бұл біздің ұсынысымыз, бірақ құжатты MediaNet халықаралық журналистика орталығы әзірледі. Біздің мақсат оны халыққа кеңінен тарату.