Еліміздегі жолдар жүк көліктеріне шыдамайды

Елдегі автомобиль жолдары біздегі жүк көліктерінің салмағына шыдас бермейді.

Оларды басқа стандарттармен салу керек. Мәжіліс депутаты Альберт Рау бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі тарапына осындай сын айтты. Біздегі талапқа сай автожолдар 13 тоннаға дейінгі көліктерді ғана көтеруге лайықталған. Бірақ жеме-жемге келгенде сол жолдармен 1,5-2 есе ауыр көліктер жүреді. Ол аздай республикалық жолдардың құрылысы кезінде әлгі жүк көліктері жергілікті жолдармен де жылжиды. Республикалық демекші, депутаттар «Атырау-Астрахань» бағытындағы құрылыстың да қарқыны көңілден шықпай отырғанын жеткізді.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Мәжілісінің депутаты:

- Ол жол биылғы жылдың аяғына дейін біту керек болған. Барсақ, ана жерде бір каток тұр, мына жерде бір каток. Ал министр: "Жұмыс қайнап жатыр", – дейді. Автокөлік емес, атпен жүре алмайсың. Бір ғасыр мұнай өндірген елдің жолы мынадай. Абсурд қой.