Азия даму банкі еліміз үшін әріптестіктің жаңа стратегиясын әзірлейді

Азия даму банкі еліміз үшін әріптестіктің жаңа стратегиясын әзірлейді

Азия даму банкі Қазақстан үшін 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестіктің жаңа стратегиясын әзірлейді.

Бұл туралы Үкімет басшысы мен банк директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесуінде айтылды. Әлихан Смайылов Елдік әріптестік стратегиясы республиканың даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін  Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың негізгі құжаты болатынын атап өтті.  Өз кезегінде Азия даму банкінің атқарушы директоры Серджио Лугарези барлық мүдделі бағыттар бойынша Қазақстан Үкіметімен белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.