Ақмола облысында заңсыз жалға беріліп келген 174 пәтер анықталды

Оларды полицейлер арнайы рейд барысында әшкерелеген.

Құзырлы орган өкілдері екі аптадан астам уақыттың ішінде 58 мың үйді аралап, тексерген. Баспанасын жалға беруді заңсыз кәсіпке айналдырған азаматтардың ісі мемлекеттік кіріс органдарына жолданды. Олар заңбұзушылыққа жол берген пәтер иелеріне 47 мың теңге айыппұл салады және көлеңкелі бизнесін заңдастыруға мәжбүрлейді. Алдын алу шарасы кезінде ресми тіркелмей, заңсыз тұрып жатқан 520 шет ел азаматы да анықталып, оларға да әкімшілік айыппұл салынды, - дейді тәртіп сақшылары. Ал оларды пәтеріне тұрғызған жергілікті тұрғындар да жазаланады.

Ерболат Құсайынов, облыстық жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Іс-шара барысында 3 мыңнан астам құқық бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабымен көзделген шетел азаматтарының келуі туралы ақпаратты хабарландырмауы туралы 166 құқық бұзушылық анықталған.