Атырау мұнай-газ университетіне жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт енгізілді

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ұсынып отырған бұл әдіс студенттер мен оқытушылар арасында болуы ықтимал сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

2021 жылы «Жас Отан» жастар қанаты жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан 15 мыңнан астам студенттің пікірін қортындылағанда Атырау облысындағы екі жоғарғы оқу орны сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары алғашқы «бестікке» енген болатын. Осыған орай мұнай-газ университетінің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігімен бірлесе отырып, осы шараны қолға алды. Бұл әдіс еліміздің бірқатар жоғарғы оқу орындарында өз жемісін бере бастаған. 

Нұрлан Жахин, СЖҚІҚ агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Оның нәтижесінде қазіргі уақытта оқу процессі мен бизнес процесстеріне, сонымен қатар жатаханаға орналасу, емтихандар тапсыру мәселелеріне сыбайлас жемқорлық қарсы талдау жүргізіп, оны тәуекелдерін анықтап, кейін цифравизация жағынан көптеген жаңашылдық енгізгелі отыр.