Алматыда архивті дамытудың инновациялық идеялары ортаға салынды

«Ашық қоғамға – ашық архив». Алматыда осындай тақырыппен I Халықаралық архивистер Конгресі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пікірталас алаңында АҚШ, Еуроодақ елдері, Азия мен ТМД мемлекеттерінен келген архив мамандары тарихи-мәдени мұра мен маңызды құжаттарды сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Архивті дамытудың инновациялық идеяларын ортаға салды. Алқалы жиынның басты мақсаты – архив құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл бастама тарихи кезеңдерге жаңа қырынан үңілуге жол ашады. Себебі зерттеушілер үшін бұған дейін бірқатар дерек қорлары жабық болып келген. Тарихты сақтаушылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығының ортақ іс-қимылы мемлекеттер тарихының жаңа деректермен толығуына, сондай-ақ зерттеушілердің жаңа буынының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Мәмбет Қойгелді, ҚР ҰҒА академигі, профессор:

– Мәселен, біздің тарихымызға байланысты мына Польша өзіміздің постсоветтік кеңістікте жаңадан пайда болған республикалар, Украина, Прибалтика, көрші елдер – Өзбекстан, Қырғызстандағы жабық қорлар ашылады ғой деген үмітіміз бар. Мен өз басым Қырғызстаннның Қауіпсіздік комитеттіне, Өзбекстанның Қауіпсіздік комитетіне арнайы хатпен қайырылғанмын Осы қорларды ашыңыздар, біздің осы зиялыларымызға ортақ сюжеттерді мәселелерді зерттейік дегенмін. Осы тұрғыдан алған уақытта мұз ериді ғой деген үмітіміз бар.