Болашақ тілшілер белді журналистерден сабақ алып жүр

Жастар отандық БАҚ саласындағы белді мамандардан сабақ алып, шеберлігін шыңдауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желтоқсан айына дейін жалғасатын игі шара Еуразия Ұлттық университеті мен «Хабар» Агенттігі арасындағы меморандум аясында өткізіліп жатыр. Мәселен, жуырда «Еларна» телеарнасының бас продюсері Әділ Сейфуллин «Журналистика мен насихат айырмашылығы» тақырыбында жастарға дәріс берді. Студенттер кәсіби маманнан көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Әділ Сейфуллин, «El Arna» телеарнасының бас продюсері:

– Салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтарды жарнамалаған кезде үгіт-насихаттың пайдасы көп, бұл жақсы. Ал журналистика – бұл хабар тарату. «Хабар» Агенттігінің, оның ішінде «Хабар 24» арнасының қазіргі бағыты өз басыма ұнайды. Кез келген ақпаратты әр қырынан жеткізуге тырысады. Оны көрген телекөрермен өзі қорытындылай алады.

Серікзат Дүйсенғазы, Л.Гумилев атындағЫ ЕҰУ телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі:

– «Хабар24» арнасының 10 жылдығының құрметіне арнап отырмыз. Соған байланысты «Хабар» Агенттігіне» қарасты бірнеше арнаның журналистерін, сала мамандарын, барлығын шақырып отырмыз. Тек журналистер емес, продюсерлер, режиссерлар, бағдарлама бөлімінің мамандары. Қазақтың белгілі журналистері, газет, радио, телеарна саласының тілшілері бізге келіп, өздерінің тәжірибелерін өткізіп жатыр.