Еліміздің авиация саласы жас мамандармен толығады

Еліміздің авиация саласы жас мамандармен толығады

Бүгін Ақтөбеде орналасқан Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын 71 курсант бітіріп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы да ұшу және инженер мамандықтарын меңгерген. Енді таяу уақытта Қазақстан Армиясының түрлі бөлімшелеріне аттанбақ. Сондай-ақ қызмет етуі мен әлеуметтік түрғыдан қорғалу үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұл туралы іргелі оқу орнын бітірушілер құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара барасында белгілі болды. Жас мамандарға лейтенат шені де берілді.

Айта кетейік, бұл – әскери институттың 25-түлектері. Осы жолғы оқу бітіргендердің үшеуі Тәжікстан Республикасының азаматы.

Ербол Ислам, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі:

– Сағына күткен 4 жылда осы оқиғаны күткен болатынбыз. Әрмен қарай ол бастысы Тәуелсіздікті және әуе кеңістігінің тәуелсіздігін қорғау. Әрі қарай өзіміздің біліктілігімізді дамыту. Жаңа техниканы басқарып үйрену.