Елордада халал өнімдер көрмесі өтті

Шараға 80-нен аса кәсіпкер ұсынған тауарлар қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөреге азық-түліктен бөлек, косметика мен гигиеналық заттар да шығарылған. Екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмеде биыл Қырғыстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Тауарлардың құны нарықтағы бағадан біршама төмен. Шараға жиналғандардың айтуынша, қазір халал өнімдердің басым бөлігі мұсылман елдерінде өндірілмейді. Сол үшін бұл бағыттағы отандық өндірісті өркендету маңызды. Қазір елде халал тауар шығаратын 1300-дей кәсіпкер бар. Олардың 50-ге жуығы өнімдерін шетелге экспорттайды.

Ершат Ағыбайұлы, наиб мүфти:

Мұндағы мақсат, осы халал өнімдер көбірек насихатталса және халал өнімдерін өндіріп отырған кәсіпкерлер бір бірімен балайныс құрып, мәмілеге келсе. Және халал өнімдері еліміздегі мұсылмандарға қолжетімді болса, екі күн болса да нарықтағы бағадан төмен алуға мүмкіншілік жасау болып отыр.