Қазақстандықтардың несие қарызы көбейген

Елімізде несие алып, қарызға батқандар көбейіп барады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшлығымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, жеке тұлғалардың берешегі 14 трлн теңгеге жуықтаған. Бұл жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 21,2% көп. Статистикаға жүгінсек, 7 млн 650 мың адамың басында кемінде бір несиеден бар. Сондай-ақ қолданыстағы келісімшарт 18 млн-ға жуықтаған. Бұл – қаңтар айындағы көрсеткіштен 2,4 млн-ға артық. Орта есеппен бір клиентке шаққандағы берешек 1,6 млн-нан 1,82 млн теңгеге дейін жетіп отыр. Президент бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, жуық арада өз ұсынысын жариялайтынын айтты.