XIII халықаралық конференция балалар тәрбиесіне арналды – НЗМ

Білім беру мен тәрбиені ізгілендіру уақыт күттірмес міндет. Ал ізгілік концепциясы қазақ дәстүрі мен халықтық тәрбие негіздерінде жатыр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырған XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция осыны дәріптеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұстаздарды «жаны қатаң, жүрегі қатты робот-адамдар қоғамы қалыптаса ма» деген ой мазалайды. Олардың пікірінше, баланың ортасы отбасымен, мектеппен, ауыл-ауламен шектелмейді. Оған интернет қосылды.Соның салдарынан жасөспірімдер уақыт озған сайын шынайы өмір мен виртуалды әлемді ажырата алмай қалуы мүмкін. Демек, білім берушілерге артылар жауапкершілік зор. Бүгінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» интернетті пайдалы қолданудың амалын жасап жатыр. Оқушылар бағдарламалау курстарынан өтеді. Киберқауіпсіздік жайын меңгереді.