Семейда жол ережесін бұзғандар 50 миллион теңге айыппұл төледі

Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылған бір ай ішінде 3 мыңға жуық заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары жылдамдықты асырғаны үшін 50 миллион теңге, тұтас жолақты кесіп өткені үшін 1 миллион теңге айыппұл төледі. Ал облыс орталығында бүгінде 1551 камера жұмыс істеп тұр. Оның жартысы қоғамдық тәртіп бұзғандарды, қалғаны жол ережесін сақтамағандарды анықтайды. Жергілікті әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, камералар негізінен көлік ағыны мол көшелер мен биік нысандардың төбесіне, оқу орындарының ғимаратына орнатылған.