Қарағандыда жас офицерлердің балы өтті

Ел қорғаны сарбаздар да би билейді. Қарағандыда жас офицерлердің балы өтті.

Шара Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы және Республика күніне арналған. Байқауға биыл 20-ға жуық жұп қатысып отыр. Олар ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар, қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері және Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары. Қатысушыларды бір ай бойы кәсіби хореографтар дайындаған. Салтанатты киім киген жас офицерлер мен олардың серіктері көрерменге классикалық би – полонез, Вена вальсі, менуэт және әйгілі полькадан шеберліктерін көрсетті. 

Айжан Мақашева, конкурсқа қатысушы:

- Мұндай конкурсқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Алған әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай шараға алғаш қатыссам да жүлделі екінші орын алдық. Бұл күнде еісмде мәңгі сақталатын болады.